«Маусымдық аурулардың алдын алу» семинарына медициналық қызметкерлерді шақырамыз

21 қараша күні сағат 17:00-де Уәлиханов аудандық ауруханасында білім беру және спорт саласындағы медицина қызметкерлеріне арналған семинар өтеді.

Балабақша, мектеп және ДШСК медицина қызметкерлерін қатысуға шақырамыз.

Семинар барысында келесі маңызды тақырыптар қарастырылады:
🔹ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу;
🔹Дифтерияның алдын алу шаралары;
🔹Қызылша, қызамық және желшешектің (ветрянка) ерекшеліктері мен профилактикасы.

Семинардың мақсаты — маусымдық жұқпалы аурулардың алдын алуда медицина қызметкерлерінің дайындығын күшейту және тәуекелдердің алдын алу.

Сіздерді пайдалы да мазмұнды кездесуге шақырамыз!

20.11.2025
Қараулар: 24
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz