Уәлиханов аудандық ауруханасында дәрігерлік амбулаториялардың, медициналық пункттердің және жалпы білім беретін мекемелердің мейірбикелерінің қатысуымен медициналық кеңес өтті.
Іс-шара аясында мектеп медбикелері үшін «Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі бойынша оқыту семинары ұйымдастырылды. Сонымен қатар, электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қойылған анықтамаларды қабылдау тәртібі мәселелері қарастырылды.
Семинарды Уәлиханов аудандық ауруханасының бас медбикесі — Охмат Марина Владимировна жүргізді.
23.05.2025
Қараулар: 55
Қараулар: 55