Халықаралық әйелдер күнімен Уәлиханов аудандық ауруханасының әйелдері құттықталды

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Уәлиханов аудандық ауруханасының ер азаматтары ұжымдағы әйел әріптестерін көктем мерекесімен құттықтады. Қызметкерлерге арнап жылы әрі әсерлі құттықтау ұйымдастырылды.

Кездесу барысында әйелдерге арналған әндер шырқалып, өлеңдер оқылып, құттықтау сөздер айтылды. Сондай-ақ әйелдерге гүлдер мен алғыс хаттар табысталды. Мерекелік көңіл — күй, жылы жүздер мен шынайы тілектер бұл күнді барлық қатысушылар үшін ерекше әсерлі етті.

Құрметті ер азаматтар, әріптестер, ұжымның әйелдер қауымы сіздерге көрсеткен қамқорлықтарыңыз, назарларыңыз және сыйлаған мерекелік көңіл — күй үшін алғыс білдіреді.

06.03.2026
Қараулар: 4
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz