Уалиханов аудандық ауруханасында ауылдық медицина қызметкерлеріне арналған семинар — тренинг өтті

2025 жылғы 16 маусымда Уалиханов аудандық ауруханасында ауылдық медициналық мекемелердің 20 қызметкерінің қатысуымен семинар-тренинг өткізілді.

Бағдарлама үш негізгі тақырыпты қамтыды:

1. Жіті коронарлы синдром (ЖКС): клиникалық белгілері, диагностикасы, шұғыл көмек көрсету мен емдеу әдістері қарастырылды.

2. Акушерлік-гинекологиялық көмек: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 26 тамыздағы № ҚР ДСМ-92 бұйрығы «Қазақстан Республикасында акушерлік-гинекологиялық көмекті ұйымдастыру стандарты туралы» негізінде физиологиялық жүктілікті жүргізу мен гестациялық артериялық гипертензияны басқару жолдары түсіндірілді.

3. Акушерлік асқынулар: эклампсия, преэклампсия және босану кезіндегі қан кетулер тақырыптарына ерекше назар аударылды. Қатысушылар шұғыл көмек көрсету алгоритмдерін талқылап, рөлдік ойындар мен жағдайлық тапсырмалар арқылы тәжірибе жүзінде бекітті.

Мұндай семинарлар ауылдық медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға және тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсартуға бағытталған.

24.06.2025
Қараулар: 27
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz