Уәлиханов аудандық ауруханасы Солтүстік Қазақстан облысындағы үздік 3 емхананың қатарына кірді

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы «МСАК көшбасшысы» байқауын қорытындылады. Конкурстың басты мақсаты – медициналық-санитарлық алғашқы көмек деңгейінде медициналық көмек көрсету деңгейін арттыру.

Биыл байқау тамыздың 1-і мен қарашаның 30-ы күндері аралығында өтіп, оған 19 емхана қатысуға ниет білдірді. Олардың 13-і аудандық және 6-уы қалада шоғырланған емдеу мекемелері болып отыр. Қатысушылардың арасында жеке меншік емханалар да бар.

«МСАК көшбасы» конкурсының қорытындысы бойынша үздік медициналық мекеме анықталып, оларға дипломдар, кубоктар мен естелік сыйлықтар табысталды.

1-ші орын – «Явленка аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК;
2-ші орын – «Ақжар аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК;
3-ші орын – «Уәлиханов аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК.

 

26.12.2025
Қараулар: 73
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz