Адам папиллома вирусы және жатыр мойны обыры: әр әйел білуі тиіс маңызды мәліметтер

Қазақстанда жатыр мойны обыры әлі де өзекті мәселе болып отыр: тек 2022 жылдың өзінде бұл аурудан 900-ден астам әйел көз жұмған, ал соңғы 11 жылда сырқаттанушылық 25%-дан астамға өскен. Ауру жағдайларының 95%-ы адам папиллома вирусымен (АПВ) байланысты — бұл өмір барысында көпшілік адамдар кездесетін кең таралған инфекция.

Ең қауіптісі — жоғары онкогенді АПВ түрлері, әсіресе 16 және 18 типтері. Дәл осы түрлер жатыр мойны обыры жағдайларының 69%-ында анықталады. Вирус әртүрлі жолмен, соның ішінде байланыс және жыныстық қатынас арқылы жұғады.

2024 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстанда 11 жастағы қыздарға АПВ-ға қарсы вакцинация жүргізілуде. Вакцина құрамында тірі вирус жоқ, жұқтыруға себеп болмайды және репродуктивті денсаулыққа әсер етпейді. Бұл — болашақта онкологиялық аурулардың алдын алудың ең тиімді тәсілдерінің бірі.

19.03.2026
Қараулар: 6
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz