Уәлиханов ауданында антитеррористік оқу-жаттығу өтті

Уәлиханов ауданында төтенше жағдайлар мен террористік сипаттағы қауіптер кезінде қызметтердің іс-қимылын пысықтауға бағытталған антитеррористік оқу-жаттығу өткізілді.

Уәлиханов аудандық ауруханасы оқу-жаттығуға толық көлемде қатысып, медициналық сүйемелдеуді, шұғыл көмек көрсетуді және шартты зардап шеккендерді эвакуациялауды қамтамасыз етті.

Іс-шара барысында медицина қызметкерлері алғашқы көмек көрсету алгоритмдерін, төтенше қызметтермен өзара іс-қимылды және шектеулі уақыт жағдайында әрекет ету тәртібін пысықтады. Зардап шеккендерді тасымалдау, медициналық бригадалардың жұмысы және пациенттердің жаппай түсуіне дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды.

 

05.05.2026
Қараулар: 6
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz