Кішкенекөл мектептерінде зиянды әдеттер мен қауіпті ойындар туралы лекциялар өтті

Кішкенекөл №1 және №2 орта мектептерінде, сондай-ақ №3 мектеп-гимназиясында оқушыларға арналған профилактикалық лекциялар өткізілді. Кездесулер жасөспірімдер арасындағы қауіпті мінез-құлықтың алдын алуға бағытталды.

Шара барысында оқушыларға темекі, вейп және энергетикалық сусындардың зияны түсіндіріліп, асфиксияға қатысты қауіпті ойындардың салдары туралы айтылды. Денсаулыққа әсері мен жауапкершіліктің маңызына ерекше назар аударылды.

Лекцияларды Уәлиханов аудандық ауруханасының мамандары — психолог Уайділда А.Е. және әлеуметтік қызметкер Тютюбаева А.К. өткізді. Оқушыларға денсаулықты сақтау және тәуекелді жағдайлардың алдын алу бойынша ұсыныстар берілді.

30.04.2026
Қараулар: 19
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz