ЖРВИ: қалай алдын алуға болады?
ЖРВИ — жоғарғы тыныс алу жолдарын зақымдайтын инфекциялар. Вирустар, әсіресе маусымдық эпидемия кезінде, адамдар арасында тез таралады.
Жұқтыру қаупін қалай азайтуға болады:
🔹 Вирус таралуы күшейген кезде адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болыңыз.
🔹 Шаршауға жол бермеңіз: шаршау иммундық жүйені әлсіретеді.
🔹 Көп мөлшерде сұйықтық ішіңіз: бұл ағзаға вирустармен күресуге көмектеседі.
🔹 Температураның кенеттен өзгеруінен сақтаныңыз: шынығу үдерісі біртіндеп болуы керек.
Егер белгілер пайда болса (мұрын бітелуі, жөтел, әлсіздік), үйде қалып, асқынулардың алдын алу үшін дәрігермен кеңесіңіз.
27.12.2024
Қараулар: 48
Қараулар: 48