Психолог Қарибаев Берік Қосыманұлы және салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі медбике Сакенова Махаббат Хайргелдиевна ауыл шаруашылық колледжінің студенттерімен кездесу өткізіп, денсаулықтың алдын алу мәселелерін талқылады.
Берік Қосыманұлы жасөспірімдердегі стресс тақырыбында сөз сөйлеп, оның пайда болу себептері, физикалық және психологиялық жағдайға әсері, сондай-ақ стресс жағдайларын басқару әдістері туралы айтты.
Махаббат Хайргелдиевна шылым шегудің зияны мен оның ағзаға әсері туралы айтып, туберкулездің алдын алу жөнінде түсініктеме берді. Ол уақтылы тексеруден өту мен вакцинацияның маңыздылығын ерекше атап өтті.
Мұндай кездесулер студенттерге денсаулықты сақтау және салауатты өмір салтын ұстану туралы пайдалы ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Қараулар: 128