Құлыкөл ауылдық округінің оқушыларына «Қауіпсіз өмір» тақырыбында дәрістер өткізілді

Жасқайрат, Қайрат, Қаратал және Құлыкөл ауылдарында жылжымалы медициналық кешеннің іссапары аясында балалар мен жасөспірімдер арасындағы түрлі жарақаттардың алдын алуға бағытталған «Қауіпсіз өмір» тақырыбында дәрістер өткізілді.

Жергілікті білім беру мекемелерінің оқушыларымен кездесулерді Салауатты өмір салты кабинетінің мейіргері Сәкенова Махаббат Хайыргелдіқызы жүргізді. Дәріс барысында оқушыларға тұрмыста, көшеде және белсенді демалыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау, сондай-ақ балалар жарақатының алдын алу шаралары түсіндірілді.

Кездесуде өз денсаулығы мен қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау мәселесіне ерекше назар аударылды.

26.05.2026
Қараулар: 23
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz