МӘМС жарналарын бір жылға алдын ала төлеу – ең алдымен ыңғайлылық пен тұрақтылық. 12 ай бойы бөлек-бөлек төлем жасап әуре болмай, адам сақтандыру мәселесін бір рет шешіп, төлем кезіндегі қателік қаупінен арылады.
Ескеретін жайт, МӘМС жүйесінде әр айдың төлемі жеке есептеледі. Ай сайын төлегенде кезеңді шатастыру, төлемнің тағайындалуын қате көрсету немесе мерзімін өткізіп алу қаупі жоғары. Ал жылдық төлем мұндай тәуекелдерді азайтып, сақтандыру мәртебесін бақылауды жеңілдетеді.
Сонымен қатар, күтпеген жағдай туындағанда (жарақат алу, кенеттен сырқаттану, ауруханаға жатқызу) МӘМС мәртебесінің белсенді болуы медициналық көмекті кідіріссіз әрі қосымша шығынсыз алуға мүмкіндік береді. Мұндай сәттерде «жарна төленді ме?» деген мәселе өздігінен шешіледі.

Қараулар: 30












