Уәлиханов аудандық ауруханасы
директорының м. а. азаматтарды қабылдады

Уәлиханов аудандық ауруханасы директорының міндетін атқарушы Лилия Федотова AMANAT партиясының аудандық филиалындағы қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдады.

Кездесу барысында МӘМС шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер, аудандық аурухананың жұмысы, дәрігерлердің қабылдау кестесі, жаңа емхананың құрылысы және медициналық кадрларды тарту шаралары туралы түсініктемелер берілді.

Аудан тұрғындары медициналық ұйымдарға тіркелу, МӘМС арқылы жекеменшік клиникаларда ем алу мүмкіндіктері, медициналық сақтандыру бойынша тіс протездеуге арналған жеңілдіктер, сондай-ақ бейінді мамандарға жолдама алу тәртібі бойынша сұрақтар қойды.

Барлық өтініштер қарастырылып, сұрақтарға түсініктеме берілді, кейбір мәселелер оң шешімін тапты. Азаматтардың өтініштері бойынша жұмыс жалғасады.

20.02.2025
Қараулар: 158
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz