ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы халықтың, ата-аналардың, педагогтердің және жасөспірімдердің денсаулыққа төнетін қауіптер мен төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттер туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған ақпараттық материалдар дайындады.
Материалдарда маңызды мәліметтер жинақталған: өрт кезінде қалай әрекет ету керек, қауіпті заттармен байланысты апаттарда не істеу қажет, аптап ыстық пен қатты суықта денсаулықты қалай қорғау керек, сондай-ақ су тасқыны мен сел кезінде қалай дұрыс әрекет ету керектігі түсіндірілген.
Құрметті достар, уақыт бөліп, осы материалдармен танысып шығуларыңызды сұраймыз. Бұл — қажет сәтте сіз бен жақындарыңызды қорғауға көмектесетін қарапайым, бірақ маңызды білім.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
19.03.2026
Қараулар: 6
Қараулар: 6

















