Денсаулыққа төнетін қауіптер мен төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттер туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған ақпараттық материалдар

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы халықтың, ата-аналардың, педагогтердің және жасөспірімдердің денсаулыққа төнетін қауіптер мен төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттер туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған ақпараттық материалдар дайындады.

Материалдарда маңызды мәліметтер жинақталған: өрт кезінде қалай әрекет ету керек, қауіпті заттармен байланысты апаттарда не істеу қажет, аптап ыстық пен қатты суықта денсаулықты қалай қорғау керек, сондай-ақ су тасқыны мен сел кезінде қалай дұрыс әрекет ету керектігі түсіндірілген.

Құрметті достар, уақыт бөліп, осы материалдармен танысып шығуларыңызды сұраймыз. Бұл — қажет сәтте сіз бен жақындарыңызды қорғауға көмектесетін қарапайым, бірақ маңызды білім.

19.03.2026
Қараулар: 8
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz