МӘМС төлемдері жөніндегі тақырыпты жалғастыра отырып, бүгін еңбек шарты жоқ азаматтар үшін төлем тәртібін түсіндіреміз.
Егер сіздің жұмыс берушіңіз болмаса, сіз сақтандырылған мәртебені өз бетінше ала аласыз. Төлем мөлшері — айына 4 250 теңге.
Бұл тәртіппен мына азаматтар төлейді:
🔹Фрилансерлер;
🔹Бейресми жұмыспен қамтылғандар;
🔹Уақытша жұмыссыздар;
🔹БСТ төлемейтін тұлғалар.
Төлем Kaspi, Homebank, Egov, eSalyq арқылы ИИН көрсетіп жүргізіледі. Төлегеннен кейін сіз МӘМС пакетінің толық көлеміне қол жеткізесіз.

14.11.2025
Қараулар: 58
Қараулар: 58












