Скринингтік зерттеулерді кімдер және қалай өтеді

Скринингтер белгілі бір жас топтарына кіретін азаматтар арасында өткізіледі, әр жас санатына сәйкес нақты тексерулер қарастырылған. Мысалы, жатыр мойны обырына арналған скрининг 30–70 жас аралығындағы әйелдерге төрт жылда бір рет жүргізіледі.

Егер адам скринингтен өту тізіміне енгізілсе, учаскелік мейірбике оны тексеруге шақырып, дайындық тәртібін түсіндіреді. Скрининг скринингке жататын ауру бойынша динамикалық бақылауда тұрған пациенттерге жүргізілмейді.

Скринингтік зерттеулер тіркелген жері бойынша емханаларда өткізіледі. Ауылдық жерлердің тұрғындары үшін тексерулер жылжымалы медициналық кешендер мен медициналық пойыздар арқылы да ұйымдастырылады.

 

26.12.2025
Қараулар: 74
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz