МӘМС төлемдерінен кім босатылады және сақтандырылмаған азаматтарға не қолжетімді?

15 жеңілдік санаты бар — бұл азаматтар үшін жарнаны мемлекет ай сайын 2% мөлшерінде төлейді. Бұл санатқа балалар, студенттер, жүкті әйелдер, көпбалалы аналар, мүгедектігі бар адамдар және тағы басқа әлеуметтік топтар кіреді.

📢 Егер азамат әзірге сақтандырылмаған болса, ол бәрібір ТМККК — тегін медициналық көмектің кепілдірілген көлемі шеңберінде қызмет алады. Оған жедел жәрдем, МСАК, жұқпалы аурулар, әлеуметтік маңызы бар сырқаттар бойынша көмек кіреді.

Ал МӘМС пакетінде көрсетілетін кеңейтілген қызметтерге (тар бейінді дәрігерлер, жоспарлы операциялар, жоғары технологиялық көмектер) қол жеткізу үшін сақтандырылған мәртебе қажет.

18.11.2025
Қараулар: 47
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz