Уәлиханов аудандық ауруханасының психоәлеуметтік көмек бөлімшесі Елтай орта мектебінің 5–10 сынып оқушыларына дәріс өткізді.
Кездесу барысында екі негізгі тақырып талқыланды:
🔹 Жасөспірімдердегі стресс — оның себептері, денсаулық пен оқу үлгеріміне әсері, сондай-ақ эмоционалды жүктемені жеңілдетудің тиімді тәсілдері;
🔹 Стоматологиялық аурулардың алдын алу — ауыз қуысының дұрыс гигиенасы, теңгерімді тамақтану және тіс дәрігеріне тұрақты барудың маңыздылығы.
Дәрісті психолог Карибаев Берік Қосыманұлы жүргізді. Кездесу соңында оқушылар өз сұрақтарын қойып, маманнан нақты жауаптар алды.
10.04.2025
Қараулар: 109
Қараулар: 109