Уәлиханов аудандық ауруханасының психоәлеуметтік көмек профилактикасы бөлімшесі Қарашілік орта мектебінің оқушыларына дәріс өткізді. Іс-шараға 5-9 сынып оқушылары қатысты.
Дәріс барысында келесі маңызды мәселелер талқыланды:
🔹 Жасөспірімдердегі стресс — оның пайда болу себептері, денсаулық пен оқу үдерісіне әсері, эмоционалды күйді басқару әдістері және стресс жағдайларын болдырмау жолдары;
🔹 Стоматологиялық аурулардың алдын алу — ауыз қуысының гигиенасын сақтаудың негізгі ережелері, тамақтанудың тіс саулығына әсері және стоматологқа тұрақты түрде барудың маңызы.
Дәрісті Қарибаев Берік Қосыманұлы жүргізді.
26.02.2025
Қараулар: 161
Қараулар: 161