Уәлиханов аудандық ауруханасының психоәлеуметтік көмек профилактикасы бөлімшесі Мортық орта мектебінің оқушыларымен кездесу өткізді. Іс-шараға 5–11 сынып оқушылары қатысты.
Кездесу барысында келесі маңызды тақырыптар қарастырылды:
🔹 жасөспірімдердегі стресс — оның себептері, денсаулық пен оқу үлгеріміне әсері, сондай-ақ эмоционалды күйді реттеуге көмектесетін тәсілдер;
🔹 стоматологиялық аурулардың алдын алу — ауыз қуысына дұрыс күтім жасау, дұрыс тамақтанудың тіс саулығына әсері және тіс дәрігеріне тұрақты барудың маңыздылығы.
Спикер ретінде Қарибаев Берік Қосыманұлы сөз сөйлеп, тақырыптарды кеңінен түсіндіріп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.
03.04.2025
Қараулар: 66
Қараулар: 66