М. Жұмабаев атындағы орта мектебінің окушыларына арналған дәріс

Уәлиханов аудандық ауруханасының психоәлеуметтік көмек профилактикасы бөлімшесі Жас Ұлан ауылындағы Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектеп оқушыларымен кездесу өткізді.

Іс-шараға 5-11 сынып оқушылары қатысты.

Кездесу барысында келесі маңызды тақырыптар қарастырылды:
🔹 Жасөспірімдердегі стресс — оның пайда болу себептері, денсаулық пен оқу үлгеріміне әсері, эмоционалды күйді басқару және стрессті азайту әдістері;
🔹 Стоматологиялық аурулардың алдын алу — ауыз қуысына дұрыс күтім жасау, тамақтанудың тіс денсаулығына әсері және не үшін стоматологқа тұрақты түрде бару қажет екені.

Дәріс жүргізген Қарибаев Берік Қосыманұлы оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, пайдалы кеңестер берді.

14.03.2025
Қараулар: 136
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz