Халықаралық балаларды қорғау күні Уәлиханов аудандық ауруханасында аталып өтті

1 маусым күні Уәлиханов аудандық ауруханасының емханасында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.

Кішкентай қонақтар үшін мерекелік дастархан жайылып, аниматорлардың қатысуымен ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды. Сондай-ақ балаларға сыйлықтар табысталды. Мереке барысында бүлдіршіндер өлең оқып, ән айтып, түрлі ойындар мен байқауларға белсене қатысты.

Іс-шараның басты мақсаты балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, мерекелік атмосфера қалыптастыру болды. Бұл күні аурухана ұжымы балаларға тек сыйлықтар ғана емес, сондай-ақ шынайы қуаныш, жарқын әсер мен ұмытылмас естеліктер сыйлауға тырысты.

 

03.06.2026
Қараулар: 2
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz