Құрметті Уәлиханов ауданының тұрғындары!
Скринингтік бағдарламалардың басталуына байланысты Уәлиханов аудандық ауруханасының учаскелік қызметі үй-үйді аралау жұмыстарын ұйымдастырады. Бұл шараның мақсаты — тұрғындарды профилактикалық медициналық тексерулерден өтуге шақыру. Мұндай тексерулер ауруларды дер кезінде анықтап, олардың дамуына жол бермеуге мүмкіндік береді.
Скринингтер жүрек-қан тамырлары аурулары, қант диабеті, глаукома және кейбір онкологиялық ауруларды ерте диагностикалауға бағытталған.
Бұл жұмысқа түсіністікпен қарап, тексеруден өту мүмкіндігін пайдалануларыңызды сұраймыз. Денсаулыққа қамқорлық профилактикадан басталады!
Құрметпен,
Уәлиханов аудандық ауруханасы
24.01.2025
Қараулар: 12
Қараулар: 12