Уәлиханов аудандық ауруханасының командасы Қазақстан халқының бірлігі күніне орай өткен шағын футбол турнирінде лайықты нәтиже көрсетті. Жарысқа 10 команда қатысып, қорытындысында біздің команда құрметті 2-орынды иеленді.
Турнир жоғары бәсекелестік, командалық рух және салауатты жарыс атмосферасында өткен. Қатысушылар ұйымшылдық, төзімділік және жеңіске деген ұмтылысын көрсетті.
Іс-шараны ұйымдастырушыларға алғыс, ал қарсылас командаларға әділ әрі тартысты ойын үшін ризашылығымызды білдіреміз.

04.05.2026
Қараулар: 6
Қараулар: 6












