МӘМС туралы барлығы бір парақшада!
Tengri News және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (МӘМС) баршаға жақын әрі түсінікті ететін жаңа ақпараттық жобаны ұсынды.
Арнайы парақшата сізді келесі мәлімет күтеді:
- Азаматтар үшін МӘМС артықшылықтары: сақтандырылған тұлғаларға қандай медициналық қызметтер қолжетімді;
- Жүйе механизмі: жарналар қалай қалыптасады және таратылады;
- Қадамдық нұсқаулар: жүйедегі мәртебеңізді тексеру, операцияға жолдама алу және тегін дәрі-дәрмекті пайдалану;
- Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар: МӘМС-ке қатысты ең өзекті тақырыптар бойынша түсініктемелер.
Жоба медициналық сақтандырудың мүмкіндіктері туралы халықтың хабардар болуын арттыруға, сондай-ақ осы жүйе аясында медициналық қызметтерді тиімді пайдалану бойынша практикалық ұсыныстар беруге бағытталған.
Өзекті ақпарат пен МӘМС пайдалану бойынша кеңестерді алу үшін жоба бетіне кіріңіз: https://tengrinews.kz/specials/osms/
Қараулар: 17