Аурухананың МСАК бөлімшесі МӘМС бойынша түсіндіру 
челленджін ашты

Уәлиханов аудандық ауруханасының МСАК бөлімшесі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне қатысу тәртібін түсіндіруге бағытталған ақпараттық челленджді бастады. Алғашқы кезеңде МСАК қызметкерлері 84 тыңдаушыны қамтып, статус тексеру жолдары, ай сайынғы төлемдерді енгізу тәртібі, алдын ала төлем жасаудың тиімділігі және қате аударылған төлемдерді қайтару рәсімі туралы толық ақпарат берді.

Бастаманы терапия бөлімшесі қолдап, 31 тыңдаушыны қамтыды. Сондай-ақ хирургия, педиатрия және гинекология бөлімшелері де түсіндіру жұмысына қосылып, 27 адамды ақпараттандырды.

Түсіндіру жұмыстары жалғасуда!

 

21.11.2025
Қараулар: 33
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz