Уәлиханов аудандық ауруханасының жылжымалы медициналық кешені Құлыкөл ауылдық округіне қарасты Жасқайрат, Қайрат, Қаратал және Құлыкөл ауылдарына барды.
Іссапар аясында тұрғындар арасында профилактикалық тексерулер мен скринингтік зерттеулер жүргізілді. Халықты екі жалпы тәжірибелік дәрігер қабылдады: бір маман балаларды, екіншісі ересек тұрғындарды қарады.
Диагностика үшін УДЗ, ЭКГ және рентген аппараттары қолданылды. Сонымен қатар көшпелі бригада құрамында ЛОР кабинеті мен стоматология кабинетінің мейіргерлері жұмыс істеді.

26.05.2026
Қараулар: 21
Қараулар: 21












