Жоспарлы жұмыстың аясында Уәлиханов аудандық ауруханасының жылжымалы медициналық кешені Жасқайрат және Қайрат ауылдарына барды.
Ауыл тұрғындарына келесі мамандар медициналық қызмет көрсетті:
🔹 Жалпы практика дәрігері;
🔹 Хирург;
🔹 Тіс дәрігері;
🔹 Акушерлік медбике;
🔹 Фельдшер;
🔹 Психолог.
Сондай-ақ, диагностикалық тексерулер жүргізу үшін көшпелі зертхана мен УДЗ және ЭКГ аппараттары және тиісті мамандар тартылды.
Ертең, 21 мамыр күні, көшпелі кешен өз жұмысын жалғастырып, Кұлыкөл, Береке және Қаратал ауылдарына барады. Ауыл тұрғындарын тексерістен өтіп, мамандардан кеңес алуға шақырамыз.
20.05.2025
Қараулар: 98
Қараулар: 98