Жылжымалы медициналық кешен
Көктерек ауылына барды

Медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында Уәлиханов аудандық ауруханасының жылжымалы медициналық кешені жоспарлы түрде Көктерек ауылына барды.

Қабылдау жүргізген мамандар:
🔹 Жалпы тәжірибелі дәрігер (ЖТД);
🔹 Гинеколог;
🔹 Педиатр;
🔹 Стоматолог.

Диагностика үшін ЭКГ және УЗИ аппараттары қолданылды. Сонымен қатар, зертханашы да жұмыс істеді.

51 ересек және 43 бала медициналық тексеруден өтті.

Белсенділік танытқан тұрғындарға алғысымызды білдіреміз және профилактикалық тексерулердің маңыздылығын еске саламыз.

10.04.2025
Қараулар: 65
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz