Жылжымалы медициналық кешен Ақбұлақ және Жасұлан ауылдарына барды

Уәлиханов аудандық ауруханасының жылжымалы медициналық кешені тұрғындарға қолжетімді медициналық қызмет көрсетуді жалғастыруда.
 
Кешен Ақбұлақ және Жасұлан ауылдарына барып, жергілікті халыққа медициналық тексерулер ұйымдастырды.
 
Қызмет көрсеткен:
🔹 жалпы тәжірибелік дәрігер (ЖТД);
🔹 рентген аппараты;
🔹 ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) аппараты;
🔹 жылжымалы зертхана.
 
Бұл іс-шара ауыл тұрғындарына өз ауылдарынан шықпай-ақ қажетті тексерулерден өтіп, медициналық көмек алуға мүмкіндік берді.
 
12.09.2025
Қараулар: 17
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz