Құрметті Уәлиханов ауданының тұрғындары!
Ақпан мен мамыр айлары аралығында жылжымалы медициналық кешен Кішкенекөл ауылының әртүрлі көшелерінде жұмыс істейді, бұл медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Шығу барысында сіз УДЗ, флюорография тексерулерінен өтіп, терапевттің кеңесін ала аласыз. Бұл медициналық мекемеге бармай-ақ қажетті тексеруден өтуге ыңғайлы мүмкіндік.
ЖМК-ның жүру бағыттары мен күндері алдын ала жарияланады. Өзіңізге қолайлы күнді өткізіп алмау үшін жаңалықтарды бақылаңыз.
06.02.2025
Қараулар: 178
Қараулар: 178