Уәлиханов аудандық ауруханасының жылжымалы медициналық кешені шалғай ауыл тұрғындарына қолжетімді медициналық көмек көрсету мақсатында жоспарлы жұмысын жалғастыруда.
Құлыкөл, Береке және Қаратал ауылдарында өткен кезекті шығу барысында халыққа келесі мамандар медициналық көмек көрсетті:
🔹 Жалпы тәжірибелік дәрігер;
🔹 Хирург;
🔹 Тіс дәрігері;
🔹 Акушерлік медбике;
🔹 Фельдшер;
🔹 Психолог.
Сондай-ақ, диагностикалық тексерулер жүргізу үшін көшпелі зертхана мен УДЗ және ЭКГ аппараттары және тиісті мамандар тартылды.
Медициналық көмекке жүгінген тұрғындарға алғысымызды білдіреміз және профилактикалық тексерулерден дер кезінде өтудің маңыздылығын еске саламыз.
21.05.2025
Қараулар: 62
Қараулар: 62