МӘМС жүйесіндегі көптеген мәселелер дәл осы пациенттерді қолдау қызметі арқылы шешіледі. Жүгіну тек нақты бір адамға ғана емес, бүкіл жүйеге де пайдасын тигізеді: жүйелік кемшіліктер анықталады, медициналық көмекті ұйымдастыру жақсарады, оның қолжетімділігі мен сапасы артады.
Пациенттерді қолдау қызметі — артық қиындықсыз көмек, түсіндіру және құқықтық қорғаныс алуға мүмкіндік. Әрбір пациент өзіне кепілдендірілген құқықтарды білуге және оларды толық көлемде пайдалануға құқылы.
Өз құқықтарын білу және уақтылы жүгіну — МӘМС жүйесінде сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек алудың маңызды қадамы.

26.12.2025
Қараулар: 63
Қараулар: 63












