Балалар консультациясындағы Ашық есік күніне шақырамыз!

22 мамыр күні Уәлиханов аудандық ауруханасының балалар консультациясында Ашық есік күні өтеді.

Осы күні кез келген қалаушы алдын ала жазылусыз және жолдамасыз келесі мамандардан кеңес ала алады:
🔹 Педиатр;
🔹 Балалар психологы;
🔹 Хирург.

Сондай-ақ, дұрыс тамақтану тақырыбы бойынша жеке кеңес ұйымдастырылады. Мамандар тағам пирамидасының құрылымы мен оның бала ағзасының дамуына әсері жөнінде түсіндіреді.

Ата-аналар мен заңды өкілдерді балалар денсаулығы мен дамуына қатысты сұрақтар бойынша кәсіби кеңес алуға шақырамыз.

21.05.2025
Қараулар: 67
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz