Профилактикалық медициналық тексеруге шақырамыз!

Профилактикалық медициналық тексеруге шақырамыз!

Құрметті Уәлиханов ауданының тұрғындары! Сіздерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен скринингтік бағдарламалар аясында профилактикалық тексеруден өтуге шақырамыз.

Скринингтер жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары, қант диабеті, глаукома, сондай-ақ жатыр мойнының қатерлі ісігі, сүт безінің қатерлі ісігі және колоректальды қатерлі ісік сияқты ауруларды ерте анықтауға арналған.

Профилактикалық тексерулер тек ересектерге ғана емес, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға, сондай-ақ колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттеріне де қолжетімді.

Құрметпен,
Уәлиханов аудандық ауруханасы

21.01.2025
Қараулар: 40
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz