Кішкенекөл №1 орта мектебінде «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Дәрісті Уәлиханов аудандық ауруханасының акушер-гинекологы Апсеметова Ардақ Қыбырайқызы өткізді.
Семинар барысында оқушыларға келесі тақырыптар бойынша ақпарат берілді:
🔹 Ерте жүктіліктің мүмкін себептері мен асқынулары;
🔹 Алдын алу әдістері, соның ішінде мектеп оқушылары мен жасөспірімдер арасында жыныстық тәрбие беру маңыздылығы;
🔹 Әйел жыныс мүшелерінің анатомиясы, етеккір циклі және репродуктивтік жүйе;
🔹 Жүктіліктің физиологиялық процестері мен жеке гигиена ережелері.
Іс-шара «сұрақ-жауап» сессиясымен аяқталды. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, кәсіби түсініктемелер алды.
23.01.2025
Қараулар: 22
Қараулар: 22