Репродуктивті денсаулық апталығы аясында Уәлиханов аудандық ауруханасында «Дені сау бала — болашақ жемісі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Шараға аурухана қызметкерлері мен емханаға келген әйелдер қатысты. Кездесуді акушер-гинеколог дәрігер Ардақ Қыбырайқызы Апсеметова жүргізді.
Кездесу барысында отбасын жоспарлау, әйелдер ауруларының алдын алу, репродуктивті денсаулықты сақтау және дені сау ұрпақ тәрбиелеудегі ананың рөлі талқыланды. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарға білікті жауаптар мен пайдалы кеңестер алды.
15.05.2025
Қараулар: 103
Қараулар: 103