2025 жылғы 21 мамырда Уәлиханов аудандық ауруханасының психоәлеуметтік көмек пен алдын алу бөлімі Әуезов атындағы орта мектептің (Кұлыкөл ауылы) 9–10 сынып оқушыларына арнап дәріс ұйымдастырды.
Қарибаев Берік Қосыманұлы келесі тақырыптар бойынша дәріс оқыды:
🔹 Жасөспірімдердегі күйзелістің алдын алу;
🔹 Мектеп жасындағы балалар арасындағы стоматологиялық аурулардың алдын алу;
🔹 Жаз мезгіліндегі балалар жарақаттануының алдын алу.
Сондай-ақ оқушылармен келесі мамандар профилактикалық әңгіме жүргізді:
🔹 «Жаз мезгіліндегі жарақаттану профилактикасы» және «Су қоймаларындағы қауіпсіздік ережелері» тақырыптары бойынша — Сергазин Даулет Қайыртайұлы;
🔹 «Адам папилломасы вирусының (HPV) алдын алу» тақырыбы бойынша — Қазиева Айнұр Жантлеуқызы.
Кездесу еркін форматта өтіп, оқушылардың денсаулық пен жазғы қауіпсіздікке деген жауапкершілікті көзқарасын қалыптастыруға бағытталды.
Қараулар: 53