20 желтоқсан күні Уәлиханов аудандық ауруханасында қызметкерлерге мемлекеттік медициналық қызметтерді көрсету бойынша оқыту іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара барысында науқастар үшін қызметтердің қолжетімділігі мен ыңғайлылығын қамтамасыз ететін негізгі процестерге баса назар аударылды.
Оқыту аясында келесі мәселелер қарастырылды:
🔹 eGov порталы арқылы медициналық ұйымға тіркелу;
🔹 Damumed мобильді қосымшасы немесе телефон арқылы дәрігердің қабылдауына жазылу және үйге дәрігер шақыру.
Іс-шараның мақсаты — аудан тұрғындарына медициналық қызметтерді сапалы және жедел көрсету үшін ұжымның кәсіби даярлығын арттыру.
30.12.2024
Қараулар: 34
Қараулар: 34