Репродуктивті денсаулық апталығы аясында Уәлиханов аудандық ауруханасында жасөспірім қыздарға арналған семинар өтті.
Кездесу барысында ерте жүктіліктің, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ), оның ішінде ВИЧ-тің алдын алу және контрацепцияның заманауи әдістері тақырыптары қаралды. Семинарды акушер-гинеколог дәрігер Ардақ Қыбырайқызы Апсеметова жүргізді.
Шара аясында қыздарға репродуктивті денсаулықты сақтау мәселелеріне арналған оқытушы бейнематериалдар көрсетілді.
13.05.2025
Қараулар: 68
Қараулар: 68