Семинар өткіздік: МАЖ және АЖ-ға медициналық анықтамаларды жүктеу

Уәлиханов аудандық ауруханасында терапевт Айжан Нұрғожинаның төрағалығымен семинар өтті. 
 
Семинар күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
 
1. Медициналық ақпараттық жүйе (МАЖ) арқылы "Амбулаторлық-емханалық көмек көрсету порталы" ақпараттық жүйесіне (АЖ) №073/у және №075/у нысанындағы медициналық анықтамаларды уақтылы растауды және жіберуді қамтамасыз ету;
2. МАЖ-ға деректерді енгізе отырып және дәрігердің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) қол қоя отырып, кейіннен "Амбулаторлық-емханалық көмек көрсету порталы" АЖ-ға бере отырып, тек қана электрондық түрде №073/у және №075/у нысанындағы медициналық анықтамаларды беру тәртібін бақылау.
 
Семинар барысында қатысушылар медициналық көмектің сапасы мен жеделдігін арттыру үшін осы рәсімдерді қатаң сақтаудың маңыздылығын талқылады.
26.07.2024
Қараулар: 162
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz