Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Уәлиханов аудандық ауруханасының мамандары ерекше қажеттіліктері бар балаларға бару ұйымдастырды.
ДЦП диагнозы қойылған екі баланың отбасыларына бардық. Медицина қызметкерлері тексеру жүргізіп, ата-аналарға кеңес беріп, балаларға сыйлықтар табыс етті.
Шараға келесі мамандар қатысты:
🔹 Педиатр — дәрігер Қанбаева Әсел Болатқызы;
🔹 Балалар консультациясының аға мейірбикесі Шәріпова Анар Жақсылыққызы;
🔹 Учаскелік мейірбике Мақсұт Лаура.
Мұндай шаралар ерекше күтімді қажет ететін балаларға тұрақты медициналық қолдау көрсетіп, олардың жайлы өмір сүруіне жағдай жасауға бағытталған.
23.05.2025
Қараулар: 51
Қараулар: 51