Ауданда ерте жүктіліктің алдын алу бойынша жұмыс жүргізілуде

Уәлиханов аудандық ауруханасы ерте жүктіліктің алдын алу бойынша кешенді және жоспарлы түрде профилактикалық жұмыс жүргізуде. Ерекше назар тек жасөспірімдерге ғана емес, олардың ата-аналарына да ақпарат беру мәселесіне аударылады.

Аудан мектептерінде акушер — гинекологтардың, акушерлер мен мектеп медбикелерінің қатысуымен дәрістер мен профилактикалық әңгімелер ұйымдастырылады. Оқушыларға репродуктивті денсаулық, ағзаның анатомиялық ерекшеліктері, жеке гигиена, етеккір циклі және жыныстық қатынасты ерте бастау салдары туралы түсінік беріледі.

Аурухана жанынан ашылған «Денсаулық мектебі» жұмыс істейді. Бүгінгі күнге дейін оның аясында 40 әңгіме (125 қатысушы) және 10 дәріс (240 қатысушы) өткізілді. Сонымен қатар, келесі тақырыптарда Ашық есік күндері ұйымдастырылды:
🔹 Репродуктивті денсаулық;
🔹 Отбасын жоспарлау;
🔹 Ерте жүктіліктің алдын алу.

Түсіндіру материалдары, бейнероликтер мен инфографикалар мекеменің ресми сайтында және әлеуметтік желілерінде жарияланған.

Оқушылармен кездесулер мен дәрістер келесі мектептерде өткізілді:
– Қаратерек орта мектебі;
– Қарашілік орта мектебі;
– Жамбыл орта мектебі;
– Шағырсай орта мектебі;
– Көктерек орта мектебі;
– Бидайық орта мектебі;
– Ақбұлақ орта мектебі;
– Кішкенекөл №3 мектеп-гимназиясы;
– Көбенсай орта мектебі;
– Кішкенекөл №1 орта мектебі;
– Телжан орта мектебі;
– Ауэзов атындағы орта мектеп (Кұлыкөл ауылы);
– Кішкенекөл №2 орта мектебі;
– Ақтүйесай орта мектебі;
– Қаратал орта мектебі;
– Өндіріс орта мектебі;
– М. Жұмабаев атындағы мектеп (Жас Ұлан ауылы).

 

18.04.2025
Қараулар: 97
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz