ТМККК (тегін медициналық көмектің кепілдірілген көлемі) аясында қандай қызметтер бар екені туралы жарияланымдар сериясын бастаймыз. Алғашқы тақырып — жедел көмек.
Жедел медициналық көмек МӘМС мәртебесіне қарамастан барлық азаматтарға тегін көрсетіледі. Бұл — өмірді сақтап қалуға және ауыр салдардың алдын алуға бағытталған жедел көмек.
ТМККК шеңберінде қолжетімді қызметтер:
🔹 Жедел жәрдем бригадасының шақыртуға шығуы;
🔹 Оқиға орнында шұғыл медициналық көмек көрсету;
🔹 Көрсеткіштер бойынша пациентті медициналық ұйымға жеткізу;
🔹 Бақылау және бастапқы диагностика;
🔹 Өмірге қауіп төнген жағдайларда жедел шаралар — жарақаттар, есінен тану, қан кету, инфаркт, инсульт және т.б.

27.03.2026
Қараулар: 8
Қараулар: 8












