Пациенттерді қолдау қызметі — МӘМС жүйесінде азаматтардың құқықтарын қорғауға арналған құрал. Бұл қызмет әрбір пациентке медициналық көмек алу барысында туындаған мәселелер бойынша түсіндіру, көмек және қорғау көрсету үшін құрылған.
Қызметке медициналық көмектің сапасына, қызметтердің қолжетімділігіне, жолдамалардың дұрыстығына, күту мерзімдеріне, қабылдаудан немесе тексеруден бас тарту жағдайларына байланысты сұрақтар туындағанда жүгінуге болады. Сондай-ақ мамандар МӘМС пен ТМККК шеңберіне қандай қызметтер кіретінін және пациенттің құқықтары бұзылған жағдайда не істеу керектігін түсіндіреді.
Қызметтің негізгі мақсаты — мәселені шешу және қолданыстағы заңнама аясында пациенттің құқықтарын қалпына келтіру.

26.12.2025
Қараулар: 61
Қараулар: 61












