Уәлиханов аудандық ауруханасының қызметкерлері Кішкенекөл №1 орта мектебі мен Кішкенекөл №2 орта мектебіне барып, оқушыларға арналған ақпараттық-профилактикалық әңгімелер өткізді.
Дәрігер-эпидемиолог Габбасова Альмира Бақытқызы оқушыларға құтыру ауруы, маусымдық жұқпалы аурулар және уақытылы вакцина алудың маңыздылығы туралы түсіндірді.
Дәрігер-психолог Жарылғапова Мүгүлсім Абзалқызы «Сені таңдайтын жан бар — сен жалғыз емессің» тақырыбында дәріс-әңгіме өткізіп, психологиялық қолдау көрсету және өмірдегі қиын жағдайларда көмекке жүгінудің маңыздылығына тоқталды.
Салауатты өмір салты кабинетінің мейіргері Сәкенова Махаббат Хайргелдіқызы «Жарақаттану» тақырыбында әңгіме жүргізіп, оқушыларға жарақат алудың негізгі себептері мен оның алдын алу шараларын түсіндірді.
Оқушылар мамандардың қарапайым, бірақ маңызды кеңестерін есте сақтап, күнделікті өмірде қолданады деп сенеміз. Өйткені денсаулыққа қамқорлық жасау бала кезден басталады.

Қараулар: 4











