Петропавл қаласында жыл сайынғы «Жедел медициналық жәрдем бригадаларының спартакиадасы» өтті

2024 жылдың 9 тамызы мен 10 тамызы аралығында Петропавл қаласында жыл сайынғы «Жедел медициналық жәрдем бригадаларының спартакиадасы» өтті.

Шараға еліміздің түкпір-түкпірінен үздік командалар жиналып, үздік бригада атағын сарапқа салды.

Спартакиада қорытындысы бойынша Абай облысының жедел медициналық жәрдем бригадасы өткен жылғы жеңісін растап, бірінші орынды иеленді.

Бұл спартакиада жыл сайын өткізіледі. Оның мақсаты — жедел медициналық жәрдем бригадаларының жұмысын жақсарту және Қазақстандағы жедел медициналық көмекке халықаралық стандарттарды енгізу.

 

13.08.2024
Қараулар: 383
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz