Ақбұлақ ауылында тері ауруларының алдын алу бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді

Ақбұлақ ауылында Уәлиханов аудандық ауруханасының дәрігер-эпидемиологы Ғаббасова Альмира Бақытқызы тері ауруларының алдын алу мәселелері бойынша профилактикалық әңгіме өткізді. Кездесу мектепте ұйымдастырылып, оған мұғалімдер мен ата-аналар қатысты.

Әңгіме барысында тері ауруларының клиникалық белгілері, инфекцияның берілу жолдары, дезинфекция әдістері, емдеу және алдын алу шаралары түсіндірілді. Әсіресе трихофития мен дерматофития сияқты аурулардың, әсіресе балалар арасында таралуының алдын алу және үй жағдайындағы карантин мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қатысушыларға медициналық көмекке дер кезінде жүгінудің, жеке гигиена ережелерін сақтаудың және үйде әрі білім беру ұйымдарында профилактикалық шараларды орындаудың маңыздылығы түсіндірілді.

25.05.2026
Қараулар: 25
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz