Уәлиханов аудандық ауруханасында №75 бұйрыққа сәйкес пациенттерді тегін дәрілік заттармен қамтамасыз ету мәселелеріне арналған дөңгелек үстел форматындағы семинар өтті. Аталған тақырып денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтердің маңызды бағыттарының бірі болып табылады.
Іс-шараға емхананың дәрігерлері мен орта буын медицина қызметкерлері қатысты. Кездесу барысында дәрілік препараттарды тағайындау және беру тәртібі, қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау мәселелері, сондай-ақ осы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі медицина қызметкерлерінің жауапкершілігі қарастырылды.
Семинарды МСАК жөніндегі директордың орынбасары Ельмаганова Ақбота Нұрмағанбетқызы жүргізді. Қатысушылар тәжірибелік жұмыста туындайтын өзекті мәселелерді талқылап, пациенттерді дәрілік қамтамасыз ету сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған шараларды қарастырды.
Қараулар: 19












